Дархан Дайырбекке арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Express Qazaqstan

facebook.com / banu.anarbaeva

Өткен жылы жазда қайтыс болған белгілі актер Дархан Дайырбеккке арналған кітап пен үнтаспа жарыққа шыққан.

Бұл туралы әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйеніп "Экспресс-К" хабарлайды.

Сондай-ақ, бүгін марқұмның жылдық асы берілген. Белгілі пародияшы Олжас Сыдықпек Facebook-тегі парақшасында: "Бүгін Дархан ағамыздың да жылдық асы беріліп жатыр. "Терісқақпай" театрында бірг қызмет еттік. Өмірде аға болған марқұм Дархан ағамызға Жаратқанның шапағаты болсын. Алла жәннатын нәсіп етсін!" деп жазды.

Ал журналист Айбану Анарбаеваның жазбасынан кітаптың тұсаукесер рәсімінің Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында өткенін білуге болады. "Ресми презентация Ғабит Мүсірепов атындағы театрда бүгін сағат 17.00 де өтеді. ол жерде Дарханның алғаш ойнаған "Құлагер" атты қойылымы да болады", — деп жазды журналист.

Актер өткен жылы шілде айының басында 52 жасында пневмониядан қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров