Цирктің жаттықтырушысын арыстандар талап тастай жаздады

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Новосибирск маңындағы Мошково ауылында гастрольдік сапармен жүрген цирк-шапитоның екі арыстаны өнер көрсету кезінде жаттықтырушыға бағынудан бас тартып, оған шабуыл жасады, деп хабарлайды"Экспресс К" BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгері түсірген бейнеде екі арыстанның біреуі аренада бірнеше секундтан кейін күтпеген жерден бұйрықты орындамай, жаттықтырушыға қарай шабуыл жасайды. Салдарынан жаттықтырушы құлап түседі. Бірақ бірнеше секундтан кейін ол жануардың шабуылынан құтылып шығады.

Ер адам шығып бара жатқанда, арыстан қайта шабуыл жасайды, оған екінші арыстан да қосылады. Бірақ екіншісі соншалықты агрессивті болмайды.

Кейін ер адам темір тордан шығып кетеді. Салдарынан жаттықтырушының қолы мен аяғы жарақаттанған екен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров