Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

Express Qazaqstan

© Ольга БУГАЕВА

Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Финляндияға қарсы ойнады, деп жазады "Экспресс К" Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) — Маклюков-Диц, Шин-Старченко-Рымарев; Сведберг-Блэкер, Михайлис-Волк-Савицкий; Степаненко-Шалапов, Аколзин-Сагадеев-Шевченко; Панюков-Шестаков-Әсетов, Данияр, Петухов.

Бірінші кезеңде шайбы соғылған жоқ. Екінші жиырмаминуттықта Антон Лунделль есеп ашты. Бірақ Кирилл Панюков таразы басын теңестіре алды.

© Ольга БУГАЕВА
© Ольга БУГАЕВА

Үшінші кезеңде де, овертаймда да командалар жеңісті голды қақпаға дарыта алмады. Матч тағдыры буллит сериясында шешіліп, Қазақстан құрамасына сәттілік серік болды.

© Ольга БУГАЕВА
© Ольга БУГАЕВА

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 25 мамырда сағат 19:15-те АҚШ-қа қарсы өткізеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров