«Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Футболдан Қазақстан чемпионатының 13-турының орталық ойынында "Астана" мен "Қайрат" кездесті, деп хабарлайды "Экспресс К" Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.


Матчтағы екі гол да кездесудің соңында соғылды. Тигран Барсегян 87-минутта есеп ашып, "Астанаға" жеңіс сыйлағандай әсер қалдырған. Алайда төреші қосқан қосымша минуттарда алматылықтардың капитаны Ғафуржан Сүйімбаев таразы басын теңестірді.


Гол соққандар: Барсегян 87, Сүйімбаев 90+2
"Қайрат": Покатилов, Сүйімбаев, Әліп, Поляков, Миканович, Әбікен, Косович, Оганесян, Алықұлов, Канте, Вагнер Лав.
Қосалқы құрам: Устименко, Кейлер, Ульшин, Буранчиев, Усенов, Астанов, Сейдахмет, Мамба, Шушеначев.
"Астана": Непогодов, Лопес, Томашевич, Ароян, Рукавина, Шимунович, Чуперка, Бейсебеков, Барсегян, Томасов, Айымбетов.


Қосалқы құрам: Заруцкий, Подымский, Скворцов, Смайлагич, Сағынаев, Прокопенко, Совет, Гурман, Басманов, Қуат, Эбонг.