Атырау

Атырауда автобус қызды қағып кетті

Экспресс К

© ЭК

23 мамыр күні 20:20 шамасында Атырау қаласында 49-жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі 26-жастағы қызды қағып кетті. Қыз оқиға орнында қайтыс болды,- деп жазады “Экспресс-К”.

Оқиға Атырау қаласы Вокзал маңы ықшам ауданында болған. Автобус паркіне қайтып бара жатқан жүргізуші жолды кесіп өткен болған қызды қағып кеткен.

Бергалиев және Баймұханов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өтпесінен тыс жерден жолдан өтіп келе жатқан 1994 жылы туған азаматшаны "Daewoо" маркалы автобус қағып, жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады Атырау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз-қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров