Алматы облысы "жасыл" аймаққа оралды

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Алматы облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "жасыл" аймаққа оралды. Сонымен қатар Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары да осы аймаққа енеді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров