Қазақтың Димашын әлем құттықтап жатыр

Express Qazaqstan

instagram.com / kudaibergenov.dimash

Әнші өзінің инстаграмм парақшасына таңертеңгісін "Сәлем 27 жасым" деген жазба қалдырды.

Бүгін ұлт мақтанышы, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ол бүгін 27 жасқа толып отыр, деп хабарлайды "Экспресс К"

Туған күніне орай youtubтегі арнайы арнасында Димаштың бала күні мен соңғы кездердегі бейнероликтер таралуда.

Талантты ұлды бүгін дүниенің төрт бұрышынан жанкүйерлері мен оның өнерін шын қадірлеушілер тынымсыз құттықтауда. Олардың ішінде әлемге әйгілі артистер мен зиялы қауым өкілдері де бар.

Қазір әлемге әйгілі қазақ әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген 1994 жылы Ақтөбеде музыканттар Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келді.

Ол 2015 жылы "Славянски базары" байқауының Гран-приін жеңіп алды.

Әлемдік танымалдылықты оған Қытайдағы "I am a singer 2017" байқауы әкелді, ол осы додада екінші орынға ие болды. Бүгінде Димаштың әлем бойынша 200-ден астам фан-клубы бар.

Айта кетейік, сенбі күні Алматылық бір топ жанкүйерлерінен құралған "ag tilek" фан-клубы Димаштың туған күні қарсаңында 130-дан астам ағаш отырғызып, "Өмір ағашы" стендін орнатқанын жазған болатынбыз.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров