Р. Левандовски «Алтын бутсы» иегері атанды


instagram.com / _rl9
Мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски 2020-2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Алтын бутса" иеленіп, УЕФА-ға кіретін чемпионаттардың үздік сұрмергені атанды, деп жазады "Экспресс К" Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Польшалық форвард неміс Бундеслигасында 41 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Еуропа чемпионаттарының алғашқы ондық қатарындағы сұрмергені:
1. Роберт Левандовски ("Бавария") — 41 гол;
2. Лионель Месси ("Барселона") — 30 гол;
3. Криштиану Роналду ("Ювентус") — 29 гол;
4. Андре Силва ("Айнтрахт" Франкфурт) — 28 гол;
5. Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд) — 27 гол;
6. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен") — 26 гол;
7. Ромелу Лукаку ("Интер") — 24 гол;
8. Жерар Морено ("Вильярреал") — 23 гол;
9. Карим Бензема ("Реал") — 23 гол;
10. Гарри Кейн ("Тоттенхэм Хотспур") — 23 гол.
Бөлісу