Президент берілген үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған азаматтарға арнап салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", — деп жазды Берік Уәли.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров