Израиль барлық шектеулерді алып тастайды

Express Qazaqstan

galinfo.com

Израиль билігі үкімет мақұлдаса, 1 маусымнан бастап COVID-19-ға қарсы енгізілген барлық шектеулерді алып тастайды. Израиль – вакциналауды жылдам жүргізген санаулы елдердің бірі, қазір мұнда вирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар күрт азайған.

Науқастар азайғаннан кейін билік елде дәмхана мен мейрамхана және өзге де қоғамдық орындарды ашты, бірақ мұндай жерге вакцина алған немесе коронавирустан сауыққан адамдар ғана бара алады. Егер жаңа ережені үкімет мақұлдап, күшіне енсе, барлық шектеулер алынады.

Еуропаның бірқатар елдері маусымнан бастап шектеулерді ала бастайды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок "халық сақтықты естен шығармаса, 21 маусымнан бастап қалған шектеулердің күші жойыла бастайды" деп мәлімдеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров