Былтыр елімізде 825 зорлық-зомбылық фактісі тіркелген

Express Qazaqstan

riafan.ru

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде балалар мен әйелдерге жасалатын қылмыс жайлы айта отырып, өткен жылы 825 зорлықзомбылық фактісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Экспресс К».

Оның айтуынша, 2020 жылы елімізде 108 бала терезеден құлап кетіп, оның 18-і қаза болды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған 449 адамның суицид жасағаны тіркелді. Ал оның әрбір екіншісінің себебі белгісіз күйде қалып отыр. Бұдан бөлек, 825 жыныстық зорлау фактісі анықталды. Оның 80 пайызы жақындары — әкесі, өгей әкесі, анасымен бірге тұратын азамат, туыстары, көршісі секілді таныстары тарапынан жасалған.

Сондай-ақ, жол көлік апатынан 183 бала көз жұмыпты.

Айта кетейік, ІІМ-нің ресми өкілі соңғы бір аптада 3306 қылмыс тіркелгенін де атап өтті.

дейді Нұрділдә Ораз.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров