ҚР ІІМ: соңғы тәулікте 2300-ге жуық қылмыс жасалды

Express Qazaqstan

polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында еліміздегі қылмыс санын, олардың арасында ұрлық көш бастап тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Соңғы бір апта ішінде 3306 қылмыс жасалды. Оның 2272-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 40 тонау және 558 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты", — дейді Нұрділдә Ораз.

Айта кетейік, онлайн баспасөз жиынында өткен жылы елімізде 825 зорлық-зомбылық фактісі тіркелгені туралы ақпарат анықталған еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров