Соңғы аптада 841 адам мас күйінде көлік тізгіндеген

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміз бойынша бір аптада мас күйінде көлік тізгіндеген 841 адам анықталып, жүгізуші куәлігінен айырылды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде соңғы бір аптада "Қауіпсіз жол" акциясы өтіп, соның негізінде 49 мыңға жуық жол ережесі бұзылғанын жеткізді, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу үшін 17 мамырдан бастап елімізде "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында бір аптада 49 мыңға жуық жол ережесі бұзылғаны анықталды. Сол сияқты көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 841 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Полиция жылдамдықты арттырғаны үшін 7 мыңнан астам, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткені үшін 300-ден астам, авариялық жағдай жасағаны үшін 600-ден астам, бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өткені үшін 1143 жүргізушіні жауапқа тартты", — дейді ІІМ өкілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров