Өзгенің атынан несие алған күдікті ұсталды

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қарағандыда бөгде адамдардың атынан несие алған әйел ұсталды, — деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 мамыр күні Қарағанды қалалық Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне шағын несие беру ұйымының өкілі арызбен шағымданған. Белгісіз азамат 30 жастағы қала тұрғынының деректерін пайдаланып, 95 мың теңге несие рәсімдегені артынша анықталды. Бұл процесстердің барлығы интернет желісі арқылы жасалғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

20 мамыр күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жасар әйел ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров