Жаһанды түйемен желіп өтпек болған бойжеткен бақилық болды

Оскар БЕК

Байгалмаа Норжмаа / khongor.mn

Ұлан батырдан Лондонға дейін түйемен жүріп өтіп, аты шыққан моңғолиялық Байгалмаа Норжмаа қайтыс болды,-деп хабарлайды «Экспресс К».

Небәрі 33 жасында көз жұмған арудың арманы әлемді түйемен шарлап шығу еді. УВС аймағынан шыққан қызды халық "Түйеші Байгалмаа" деп атап кеткен. Жас та болса Моңғолия туризімін дамытуға еңбегі сіңді.

Одан бөлек ол альпинизммен айналысып, Эльбрус шыңы мен Моңғолиядағы биік тауларды бағындырған.

Бірнеше жыл бұрын Ұлы Жібек жолы бойындағы 15 қаланы түйемен аралады. Оның ішінде Алматыға да ат басын бұрды. 7000 шақырымды түйемен желіп өткен үшін Байгалмаа Моңғолияның "Үздік жас" сыйлығын алған болатын.

Әзірге жас саяхатшының неден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарамады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров