Құрбан Бердыев «Қайратқа» келе ме?

Диас АЛТАЙ

© РИА Новости

«Қайрат» футбол клубын Құрбан Бердыев жаттықтыруы мүмкін деп хабарлайды «Экспресс К».

Vesti.kz мәлімдеуінше 68 жастағы маман Алексей Шпилевскийдің орнын басуы ықтимал. Өйткені 33 жастағы Қайраттың қазіргі бапкері маусымды сәтті бастай алмағаны үшін отставкаға кетеді деген болжам бар.

Премьер-лига чемпиондары 13 турда небәрі бес-ақ рет жеңіске жеткен. Ал, кешегі Астана мен Қайрат ойынында "Ростов" пен "Рубин" командарының экс-бапкері алматылықтардың ойынын клуб басшыларымен бірге отырып тамашалады. Осыны байқаған кей сарапшылар Құрбан Бердыев Қайраттың бапкері болады деп болжам айтуда.

Айта кетейік, Құрбан Бердыев 1994-1995 жылдары "Қайрат" футбол клубының бас бапкері болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров