Түрмеге іш киіміне телефон тығып кірмек болды

Express Qazaqstan

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 еңбекпен түзеу мекемесіне келген техникалық қызметкер іш киіміне ұялы телефон жасырып, кіргізбек болды. Оның қулығын рентген аппараты әшкереледі, - деп жазады «Экспресс-К»

ЖШС қызметкері УГ-157/9 мекемесіне техникалық қызметтерді көрсету үшін келді. Алайда оны рентген аппараты арқылы тексерген кезде іш киімінен SAMSUNG ұялы телефоны мен sim-карта табылды. Сондай-ақ оның құрал-саймандар салынған сөмкесінің түбіне жасырылған ұялы телефон мен 2 пакетке салынған насыбай табылды. Іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, — деп хабарлады УГ-157/9 режим бөлімінің бастығы Ғалымжан Қазыбай.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі, мекемегекелушілер міндетті түрде бірінші арнайы рентген аппараты арқылы, екінші арнай қызметкердің тексеруінен өтетінін атап өтті.

ҚАЖД баспасөз қызметі
ҚАЖД баспасөз қызметі

— Тек қана келушілер ғана емес, олардың сөмкелері мен жеке заттары да рентген аппараты арқылы тексерістен өтеді. Осылайша мекеме аумағына заңсыз сәлемделердің кіруінің жолы кесіледі. Сонымен қатар мекеме периметрін қоршай "Сергек" бейнебақылау жүйесі орнатылып, осыған дейін бірнеше рет құқықбұзушылық фактілері анықталып, кінәлілер ұсталған болатын, — деп мәлімдеді ҚАЖД баспасөз-қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров