Сырдарияда су тапшы: Үкіметаралық жұмыстар жүргізілуде

Express Qazaqstan

© ЭК

Сырдариядағы су тапшылығын тек Қазақстан ғана емес, жоғарыдағы Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері де көріп отыр.

Осыған орай үкіметаралық келісімдер мен бағдарламалар жасалуда. Өзендегі судың аз болуына байланысты Қырғызстанға Өзбекстанмен бірлесіп тауар алмасу ретінде алдын ала электр энергиясы жөнелтілуде. Мамыр айының соңына дейін еліміз Қырғызстанға 370 млн кв сағат, ал Өзбекстан 250 млн кв сағат электр энергисые беруді жоспарлап отыр, -деп хабарлайды Экспресс К.

© ЭК
© ЭК

Электр қуатын қырғыз елі тамыз айында қайтарып, оған қоса жаз айларындағы су аса қажет кезеңде 370 млн текше метр су жібереді. Оған қоса, Тәжікстан мемлекетімен де тиімді келіссөздер жүргізілуде. Оларға қажетті техникамен және жанар-жағармай беріп, тиісінше маусым, шілде айларында Сырдарияға қосымша 300-400 млн текше метр су алу мүмкіндігі туындамақ.

Сырдариядағы ортақ суды бөлісу үшін 4 мемлекетпен комиссия бекітілген. Арнайы ведмоства жылына 2 рет кездесу өткізеді. Ол жерде қай мемлекет қанша мөлшерде су алатындығы жөніндегі болжамдар кеңінен талқыланады. Өзендегі судың бөлінісін бақылайтын "Сырдария" бассейндік су шаруашылығы ұйымы бар. Өзбекстанда орналасқан мекемеге біздің елден 2 қызметкерді өкіл ретінде жібердік. Мақсат әрбір тамшы судың реттелуін бақылау. Айта кетейін, судан тек біздің ел емес жоғарыдағы мемлекеттер де зардап шегуде. Экологияға да, егінге де зиян тимеу үшін өзен суының қалыптылығын сақтау мақсатында үкімет деңгейінде жан-жақты шаралар қабылдануда, — деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов Қызылордаға арнайы келген сапарында.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов

Айта кету керек, соңғы жылдары оңтүстік өңірлерде су тапшылығы кезеңі өтуде. Біріншіден бұл мәселе табиғи құбылыс. Себебі Өзбекстаннан бастау алатын өзендегі судың мөлшері азайған. Оған қоса, Сырдариядағы судың көлемі "Тоқтағұл" су қоймасына да тікелей тәуелді. Мәселен 2018-2019 жылдары су қоймасында 18 млрд. текше метр су болса, ал биыл 8,7 млрд текше метр ғана су бар. Сол себепті қиындықтар пайда болуда.

Сырдариядағы су тапшылығына байланысты Қызылорда облысы әкімдігі мен су ресурстары комитеті жұмыс тобын құрды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров