Бақшадан ескі граната табылды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстандағы ауылдардың бірінде 13 жасар бала есік алдындағы бақшадан ескі граната тауып алған, деп хабарлайды «Экспресс К» Polisia.kz таратқан ақпаратқа сүйене отырып.

Өз бақшасына картоп өнімін отырғызып жүрген 13 жасар бала жерден сопақша келген тот басқан темір зат тауып алған. Бала мен анасы көршілерімен бірлесіп бірден полицияға хабар берген. Арнайы мамандар келгенге дейін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үй маңын қоршауда ұстап, тұрғындарды 500 метрлік қашықтықта эвакуациялауды ұйымдастырды.

Әзірге болжам бойынша, бұл Бірінші Дүниежүзілік соғыс пен Азаматтық соғыста кеңінен қолданылған Миллс фраг- атты қол гранаты екені анықталды. Тот басқандықтан таңбалау деректерін тану қиын.

Бірақ ішіндегі жарылғыш зат әлі де қауіпті болуы мүмкін дейді мамандар.Табылған қауіпті зат арнайы контейнерге салынып, зерттеуге жіберілді. Кейіннен әскери бөлімнің полигонында жойылатын болады- деді аудандық базалық станция басшысы Әлихан Байқадамов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров