«Ashyq» азаматтардың мобильді мәліметтер базасымен біріктірілді

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

«Ashyq» қосымшасы басқа біреудің ЖСН енгізуден қорғану мақсатында Egov азаматтардың мобильді мәліметтер базасымен біріктірілді, деп хабарлайды ЭК.

Енді "Ashyq" жүйесі мемлекетке тиесілі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

-Алдағы уақытта "Ashyq" жүйесін "Ұлттық ақпарттық технологиялар" АҚ-наң техникалық мамандары жүргізіп, толық басқаратын болады. Сонымен бірге мобильді қосымша үнемі жаңартылып отырады. 18 мамырдан бастап Android-те Ashyq-тың жаңа нұсқасы іске қосылды, онда сіз QR кодын сканерлемей-ақ өз мәртебеңізді тексере аласыз, — деді ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ өткен брифинг барысында.

Вице-министр Ashyq қосымшасы мобильді азаматтардың мәліметтер базасымен біріктірілгендігін атап өтті.

-Сондай-ақ, басқа біреудің ЖСН енгізілмеу үшін "Ashyq" мобильді азаматтардың базасымен біріктірілген. Мобильді азаматтардың базасы мен Egov базасы біреу. Сондықтан сіз басқа біреудің ЖСН енгізіп кіретін болсаңыз Egov мәліметтерімен сәйкес келмейді. Азаматтардан Egov mobile мобильді қосымшасын жүктеп, идентификация өтулеріңізді сұраймын. Бұл көп уақыт алмайды, содан кейін сіз бірден мобильді азаматтардың базасына кіресіз, — деді Әсет Тұрысов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров