Ақтауда сылағы сылынып түскен үйді тұрғындар өздері жасауы мүмкін

Диас АЛТАЙ

© ЭК

Ақтауда сыртқы сылағы опырылып түскен көпқабатты үйді тұрғындар өз қаражатына жасатуы мүмкін деп хабарлайды "Экспресс К".

Себебі заң бойынша бүлінген жерлерін жамап-жасқау меншік иелерінің мойнында дейді шенеуніктер.

-"Үйдің кондоминимум нысаны бойынша көппәтерлі тұрғын үй жеке тұрғындардің есебінде болғандықтан бұл мәселе қосымша қарастырыла беріледі. Себебі, әлі нақтыланған жоқ. Бұл төтенше жағдай әсерінен болады ма, жоқ басқа жағынан болады ма? белгісіз. Сыртын қалпын келтіру жұмысы шешілген жоқ. Заң бойынша тұрғындардың жеке үйі болғаннан кейін тұрғындар өздері жасау керек"-деді, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұрадин Көшербаев.

Естеріңізге салайық, тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қабатты қатты желдің кесірінен құлап қалған. Салдарынан газ құбыры зақымдалып, тұрғындар көгілдір отынсыз қалды. Қазір үйге келген шығын есептеліп, газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 2010 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген тұрғын үйде 108 пәтер бар. Сыртқы қабаты құлаған кезде пәтерлердің салқындатқыш құралдары да босап кетіпті. Кондиционерлер қайта бекітілгенімен, сылынып түскен сылақты кімнің қалпына келтірері әлі шешілген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров