Amazon алаңы енді қазақстандықтар үшін ашық

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Енді қазақстандықтар Аmazon алаңында ашық сауда жасай алады,-деп хабарлайды "Экспресс-к".

Бұл жаңалықты еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің фейсбук парақшасында бөлісті.

"Достар, сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді!

Біз өткен жылдың қараша айында басталған Amazon-мен келіссөздерді аяқтадық. Сонымен, 20 мамырдан бастап біздің еліміз әлемдегі ең ірі электрондық коммерция платформаларының бірінде сауда жасауға "рұқсаты бар" тізіміне енгізілді.

Орталық Азиядағы көршілерімізге де "бізбен бірге рұқсат алып" үлгергені жағымды бонус болды. Біз өз кәсіпорындарымызға, әсіресе шағын және орта бизнесті тек өндірісте ғана емес, сонымен бірге болашақта біртұтас ОРТАЛЫҚ АЗИЯ бренді ретінде аймақ өнімдерін бірлесіп жылжытуға көмектесуге деген ниетімізді басшылыққа алдық. Бұл біздің елдеріміздің басшылығының жоғары деңгейінде осы жылдары қарқынды өтіп жатқан кездесулер уағдаластығы рухында.

Біздің кәсіпкерлер үшін Amazon-ға кірудің басты мәселесі рұқсат етілген елдердің "бөлігі" болу қажеттілігі болды: яғни осы елдерде сайтта барлық операцияларды жүргізу үшін заңды тұлға ретінде тіркеліп,банктік шот ашу болды. Бірақ қазір біз бұл қиындықтарды еңсердік. Қазақстандық кәсіпкерлер төлемді тікелей қазақстандық банктер арқылы алып, өз еліміздің атынан сауда жасай алу мүмкіндігі бар — Қазақстанды енді сатушы елдердің тізімінен табуға болады.

Біз үшін бұл өте маңызды. Өйткені, Amazon-ең танымал сайттардың бірі. Платформада әлемнің 200-ден астам елі мен жүздеген миллион белсенді клиенттері бар. Оның үстіне, 188 елдің сатушылары тіркелген.

Amazon шағын және орта бизнеске жол ашқаны өте маңызды-барлық бөлшек сауда орындарының 60% — і 1,9 миллион шағын және орта бизнесті құрайды. Өткен жылы Amazon-ның таза сатылымы 386,1 миллиард долларды құрады.

Мен біздің командамызды қазақстандық тауарларды экспорттау үшін электрондық коммерция мен көкжиектерді кеңейту бойынша кезекті табысты қадаммен құттықтаймын. Барлық кәсіпкерлерімізге табысты сауда-саттық тілеймін!",- делінген жазбасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров