Түркістанда Tesla зауыты салына ма?

Express Qazaqstan

fainaidea.com

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қалада Илон Маскты Түркістанға шақырды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Рашид Абадұлы миллиардер Илон Маскке үндеу жолдап, өзінің Twitter-де жазды.

Жан жақтан журналистер хабарласып сұрап жатыр екен. Осы жерде бәріне жауап берейін. Иә, растаймын. Әлеуметтік желі арқылы, жоғарыда айтқандарымды ескере, Түркістанға келіп, зауыт ашуға ұсыныс білдірдім. Оларға да, жергілікті халыққа да орасан зор пайдасы боларына еш күмәнім жоқ. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, не деген мүмкіндіктерге жол ашарын елестетіп көрсеңіздер деймін. Нақты бұл салада біздің аларымыз көп. Жастардың үйренері, алар тәжірибесі теңдессіз болар еді — деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Илон Маск Tesla-ның Қазақстанда ресми түрде пайда болатынын жариялаған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров