ЛГБТ ұлтқа төніп тұрған үлкен қатер

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

«ЛГБТ жақтастары әлем бойынша гомофобияға қарсы күресті бастап кетті. Бұған дейін көркем әдебиет, телевидение, кино, баспасөз беттері мен ірі саясаткерлердің аузынан оқта-текте айтылып қалатын ЛГБТ-ны насихаттау тақырыбы әлеуметтік желі пайда болғалы үлкен мәселеге айналған. Қазақстандағы жарнамасы да уақыт өткен сайын күшейіп жатыр»

Бүгін Алматыда "Намыс" жастар қозғалысы осындай ұранмен жиын өткізіп, Қазақстандағы ЛГБТ ұйымдарының ашық насихатына түбегейлі қарсы екендіктерін айтты, деп хабарлайды "Экпресс К"

Оған елімізге танымал қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Басқосуға келгендер өткір тұрған негізгі алты тақырып төңірегінде пікір алысты. Олар қазақ халқының қалыптасқан өмір сүру салтына мүлдем кереғар келетін әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы. Және барлық отандастарымызды осыған қарсы үн қосуға шақырды.

Қозғалыс төрағасы Азамат Жолданбаев — мұндай ұйымдардың насихаты біздің, елдік, ұлттық салт-дәстүрімізден тіпті адами қасиетімізден ажыратуға бағытталған ашық әрекет.

дейді.

Ал, қоғам белсендісі Марат Тоқашбаев: "Бұлардың жүргізіп отырған насихатының кесірінен ең бірінші болашағымыз деп отырған, жасөспірімдеріміздің санасы улануда. Ел ертеңі үшін ең қауіпті тұсы да осы" –дегенді алға тартты.

Шара соңында ұйысдастырушылар, ҚР Праламент Сенаты мен Мәжіліс төрағаларына және ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министріне жолдайтын ашық хаттарының мәтінімен таныстырды.

" ЛГБТ мүшелерінің біржынысты қарым-қатынасты насихаттайтын "kok.team", "друг вокруг" сынды басқа да толып жатқан осы бағыттағы сайттардың жұмысына тыйым салынсын. Сонымен қатар 8-ші наурызда Алматыда өткен шеру, АҚШ елшілігінде ЛГБТ-ның туы ашықтан-ашық ілініп түруы — ұлттық құндылықтарымызды құрметтемеу. Сондықтан ел ертеңі үшін қауіпті мәселенің алдын алуға мемлекеттік деңгейде заң қабылданып, олардың елімізде тайраңдап жүруіне тыйым салуды талап етеміз!"-делінген ашық хатта.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров