ҰОС кезінен қалған снаряд табылды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жерге көміліп қалған снарядтың ұзындығы 100 см, диаметрі 15 см.

Батыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снаряд табылды, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚазАқпарат тілшісі жазған ақпаратқа сүйеніп.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 мамыр күні сағат 16.30-да Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында болды. Ауыл шетінде жер қазып жатқан тұрғын таттанып кеткен снаряд тауып алған. Оның ұзындығы 100 см, диаметрі 15 см.

Снарядты Орал қаласынан арнайы барған саперлар залалсыздандыратын болады.

ПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Батыс Қазақстанның Орда (қазіргі Бөкей ордасы), Жәнібек аудандары Сталинград майданына тиіп тұрғандықтан, соғыс жағдайында деп жарияланып, талай рет бомба түсіп, снаряд жарылған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров