Елорданың бірнеше мектебіне жарғыш зат қойылды (ВИДЕО)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Жарылғыш құрылғылар қойылды деген хабарламалар электрондық пошта арқылы білім беру ұйымдарына келіп түсті, деп жазады «Экспресс К» қалалық полиция таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Онда жұмыс істейтін қызметкерлер, оқушылар мен келушілер дереу мектеп аумағынан шығарылды. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Бейнеден кадр
Бейнеден кадр

Терроризм туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Полиция елді қорқытып-үркіткен хабарламаның қазір авторын іздеп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров