Кәріз құбырлары су ағатын арыққа тартылған (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Алматы облысында көпқабатты үйдің тұрғындары кәріз құбырларын ашықтан-ашық жер бетімен тікелей су ағатын арыққа тартып қойған.

Бұл жағдайға аудан әкімдігі, СЭС мамандары және жергілікті полиция араласып, құбырлар алынды. Нақтырақ айтқанда Алматы облысының Сарыөзек ауылында көпқабатты үйдің тұрғындары осындай бассыздыққа барған, деп хабарлайды "Экспресс К"

Талдықорғандық facebook қолданушы мұны видеоға түсіріп алған. Онда көпқабатты үйдің терезелері мен балкондарынан суармалы арыққа дейін неше түрлі құбырлар мен шлангілер созылып жатқанын көруге болады.

Аймақтық СЭС видеоға жауап беріп, жағдайға араласып үлгергендерін айтты.

-Ереже бұзған тұрғындарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 505-бабына сәйкес ескерту берілді. Қалалар мен елді мекендердің абаттандырылған аумақтарын және инфрақұрылым нысандарын бұзу, қаланың және елді мекендердің жасыл аймақтарын қирату және бүлдіру ережелерін сақтау қажеттігі қатаң ескертілді, -дейді жауапты мамандар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров