Маңғыстау «сары» аймаққа кірді


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Экспресс К".
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.