Күдікті полицейдің қолынан қаза тапты (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Күдікті азамат полицейлерге өз еркімен берілуден бас тартты. Тіпті бір полицейге пышақ та сұғып алған.

Заңға сәйкес құқық қорғау қызметкерлері оған аспанға оқ ату арқылы да ескерту берген. Ол болса оны елеместен полицейге қарсы пышақпен шабуыл жасаған. Сол кезде амалсыз атуға тура келген. Көршісін 23 жерден пышақтады деген күдікті азамат сол жерде бірден жан тапсырды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Оқиға Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Новое ауылында болды.

Осы ауылдың тұрғыны болып табылатын 31 жастағы әйелдің денесі жер үйден табылды. Марқұмның мәйітін ең бірінші болып анасы көрген. "Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы әйелдің денесінен 23 пышақ жарақатын анықтады. Сонымен қатар, қолындағы бірнеше жарақат ізі оның қашуға тырысып, қарсылық көрсеткен деп болжауға негіз болады", — дейді полицейлер. Іздестіру барысында марқұмның көршісі, бұрын ауыр қылмысы үшін сотты болған ер адам күдікті ретінде нақтыланған.

40-тан аса адамнан алынған сұрақ-жауап барысында күдікті деп танылған азамат оқиға болған күндерде марқұмның үйіне жиі кіріп шығып жүргені айтылған. Және оның бой тасалау мақсатында орманға қарай кеткенін айтылған.

Ізіне түскен полицейлерді көрген бойда орман ішіндегі омарташының тіркемесіне жасырынбақ болған.

Сол жерде полицияға берілмеуді ойлағанымен, аяғы өз ажалына өзі себепкер болумен аяқталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров