Вакцина санын арттыру — пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елде вакцина қоры жеткілікті. Бұл туралы еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды «Экспресс К».

Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 млн екпе жасалды, оның ішінде 2 млн адам бірінші компонентті, 1 млн адам екінші компонентті алды. Елде вакцина қоры жеткілікті әрі үнемі толықтырылып отырады. Егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Үкімет басшысы халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.

Қазіргі таңда вакцинация санын арттыру — пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет.

деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, "Ashyq" қосымшасын "Вакцинация" модулімен және "Egov"-тағы вакцинация паспортымен біріктіру жұмысын тапсырды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров