Қызылорда

10 жастағы бала суға батып кетті

Экспресс К

Қызылордада 10 жасар бала суға шомыламын деп батып кетті. Оның мәйітін атасы алып шыққан, деп хабарлайды "Экспресс К".

Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 18. 12 шамасында болған. Бала қала маңындағы "Сталин" аталатын каналға шомылуға барған. Ал ол жер шомылуға рұқсат етілмеген маңай екен.

Облыста өзен және көлдерге суға шомылуға бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі. Қазір арнайы орындар дайындалып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандары суға шомылу маумсында сақтық шараларына аса мән беруді, арнайы белгіленген орындарға ғана шомылуды ескертеді.

Жедел-құтқару жасағында 54 сүңгуір маманы, 18 бірлік техника, 16 дана ілмелі моторлар және 29 жүзу құралы бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров