Өзбекстанға қарайтын екі ауыл Түркістан облысының аумағына өтті

Диас АЛТАЙ

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданының аумағы 795,6 гектарға ұлғайды деп хабарлайды "Экспресс К".

Себебі Өзбек-Қазақ шекарасында орналасқан Бағыс пен Хиебон ауылдары ресми түрде Түркістан облысына қосылды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин қол қойды.

2021 жылдың сәуір айында Түркістан облыстық мәслихаты екі ел арасындағы келісім арқылы Қазақстан аумағына өткен аумақты қосу арқылы облыстың шекарасын өзгерту туралы Үкіметке ұсыныс жолдаған. Осылайша Сарыағаш ауданының жер көлемі ұлғайып , шекарасы өзгерді. Мәселен 750 гектар жері бар Бағыс ауылы Ақжар ауылдық округіне қосылды. Ал Аумағы 45,62 гектарды құрайтын Хиебон ауылы Құркелес ауылдық өкругіне берілді. Түркістан облыстық туризм басқармасының мәліметінше, бұрын бұл ауылдың тұрғындары өздерін қай елдің азаматтығына жатқызарын білмей бас қатырған. Мұндағы халықтың жартысында Қазақстан, жартысында Өзбекстан құжаты бар. Хиебон ауылының көптеген тұрғындары Тәшкентте жұмыс істейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров