Тас жолда жүйіткіп, қауіпті жағдай туғызды (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Атырау-Орал тас жолында апаттық жағдай туғызып, өзара жарыс ұйымдастырған «Toyota Alphard» және «Toyota Privia» жүргізушілері бейнежазбаға түсіп қалды, - деп жазады «Экспресс-К».

Оқиға 20 мамыр күні Атырау-Орал тас жолында болған. Қос көлік жүргізушісі Атырау қаласына кіре берісте өзге автокөліктерден басып озып апатты жағдай туғызған. Бұл жайындағы бейнежазба әлеуметтік желіге таралып, қоғамның наразылығын тудырды

Қазіргі таңда бейнежазбаға түсіп қалған автокөлік жүргізушілері анықталды. Екі жүргізушіге қатысты жол ережелерін бұзу бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың әрқайсына 10 АЕК және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров