Павлодар облысында полицей өзін-өзі атты

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі өзінің табельдік қаруынан өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды "Экспресс К" Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда сағат 18:10-да Железин ауылындағы прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі оң иығына оқ атқан.

Қызметкер ауруханаға жатқызылып, операция жасалды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, өмірлік маңызды мүшелері мен сүйектері зақымдалмаған, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

делінген хабарламада

Аталған факті бойынша ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров