9 қабатты үйдің төбесінен бала құлап, мерт болды

Express Qazaqstan

ТЖД

Алматы облысы Бесағаш ауылында 9 қабатты үйлердің төбесінде ойнап жүрген бір бала құлап кетті. Жеткіншек сол жерде қаза болды, - деп хабарлайды "Экспресс К".

Қайғылы оқиға 24 мамырда кешкі сағат 18.00-де Талғар ауданы Бесағаш ауылында болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан кадрлар жариялаған. Куәгердің айтуынша, балалар үйдің төбесінде ойнап жүріпті. Олар ғимараттың бірінен екіншісіне өтіп бара жатқанда, оның арасын жауып тұрған бетон бөгет баланың салмағын көтере алмағанға ұқсайды.

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға құрбаны 12 жастағы бала болған.

Алматы облысының ТЖД ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау туралы ескерту жасады. Әсіресе, жазғы демалыс басталған кезде өте сақ болуға шақырды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров