Елорда полицейлері сәби мен қарияны өрттен құтқарды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Нұр-Сұлтанда полицейлер сәби мен қарияны өрттен құтқарып қалды, — деп хабарлайды "Экспресс К" Tengrinews.kz тілшісі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Сағат 18.40-та Нұр-Сұлтан ПД патрульдік полиция полкінің инспекторлары аға лейтенанттар Ерсұлтан Сарыбаев пен Нұржан Жантаев Жеңіс даңғылындағы тұрғын үйдің екінші қабатынан қою түтін шығып жатқанын байқаған.

Тұрғындар төртінші қабаттағы пәтерде 67 жастағы қария барын айтқан. Жедел түрде пәтерге барған тәртіп сақшысы ер адамды арқасына көтеріп алып шыққан. Сонымен бірге кішкентай бала да құтқарылды.

Сәбидің анасы, ал қарияның қызы елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовке алғыс білдірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров