Ақорда маңында түтін түтеді

Express Qazaqstan

© Арай ОРДАБАЕВА

Астаналық өрт сөндірушілер ересектерден балаларға теректің ақ мамықтарын өртеуге жол бермеуді сұрайды.

Бүгін сағат 14: 06-да төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөліміне көшеде өрт шыққандығы туралы қоңырау түскен. Қаланың Қонаев көшесінің бойында терек ағаштарынан бөлініп шығатын ақ мамық ұлпалар тұтанып, сол аумақтың 250 шаршы метрі өртке оранды. Тұтанған отты сөндіруге 10 жеке құрам және екі өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды. Өрт сағат 14: 29-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өткен тәулікте ғана елордалық өрт сөндірушілер өртенген теректердің мамықтарын өшіруге 50 рет шақырту алған.

"Терек мамығын өзіңіз тұтатпаңыз және оны балалардың да оны жағуына жол бермеңіз . Көшеде терек мамығын тұтатып жүрген балаларға да ескертіп, ойынның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін екенін түсіндіріңіз. Осылайша сіз қайғылы жағдайдың алдын ала аласыз", — деп ТЖД ескерту жасады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров