Адам өліміне әкелген жол апаты болды

Express Qazaqstan

Өткен тәулікте «Ақтөбе-Астрахань» автожолының бойында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам көз жұмды.

Нақты айтқанда Темір ауданы Шұбарқұдық кенті маңында жеңіл көлікпен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды "Экспресс К"

"Рено Дастер" маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "Камаз-53212" макалы жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққыдан жеңіл көліктің 42 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек екі жолаушы Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Тексеру барысында полицейлер "Рено Дастер" жүргізушісінің өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі жол қауіпсіздік ережесін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бойынша жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров