Метро стансалары мен вокзал, әуежайға жарылғыш заттар қойылды

Express Qazaqstan

myseldon.com

Мәскеуде барлық метро станциялары, вокзалдар мен әуежайларға мина қойылғандығы туралы ақпарат тарады.

Белгісіз біреу Мәскеудегі барлық метро стансаларын, теміржол вокзалдарын, әуежайлар мен "Космос" қонақ үйіне жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабар берген , деп хабарлайды "Экспресс К" РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бізге барлық метро стансаларда, вокзалдарда, әуежайларда және "Космос" қонақ үйіне жарылғыш зат қойылды,- деген белгісіз хабарлама келді.

деді Мәскеу төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, жедел қызмет мамандары барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеруді бастап кетті. Адамдарды эвакуациялау әлі жүргізілген жоқ.

Ресейдің әртүрлі қалаларында атап айтар болсақ, сот ғимараты, сауда орталықтары, метро стансалары, ұшақтар, мектептер мен ауруханаларға "мина қойылды" деген жалған ақпараттар тарату 2019 жылдың соңында басталды. Дегенмен ақпарат ешқашан расталмаған.

ФСБ мәліметінше, "пошталық террористер" мина қойылғандығы туралы хабарламаны жаппай тарату үшін шетелдік сервистерге жүгінген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров