«Sulpakта» сұлатылған ағаштарға қатысты іске сот үкімі шықты

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыдағы «Sulpak» сауда үйінің маңайындағы жасыл желекті ағаштар түгелдей қырқылды. Бұған алаңдаған Алматы халқы бірден наразылық білдірді. Тіпті мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласып, қала басшысы Сағынтаевқа мәселені анықтап, кінәлі тараптың заң алдында жауап беруін қадағалауды талап етті.

Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында болған еді. Бүгін осы іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Экспресс К"

Алмалы аудандық соты "Қызыл кітапқа" енген ағаштарды кесу бойынша айыпталған дизайнер Жанна Нұртаеваны Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 55-баптың 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 4 млн 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Осы мәселеге байланысты, алдыңғы сот отырысында прокурор соттан айыпталушыны 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

facebook.com
facebook.com

Бүгін үкім шығарған судья дизайнердің кәмелет жасқа толмаған балалары барын және жазаны ауырлататын жағдайдың жоқтығын ескеріп, осындай жаза тағайындады.

Өткен жылғы қарашадан бері істі тексерген Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуіне осы "Сакура" мердігер компаниясының дизайнері Жанна Нұртаева кінәлі екені анықтаған. Себебі, жұмысшыларға ағаштарды кесуге тапсырманы осы ханым берген.

Іс биылғы жылдың наурызында сотқа жөнелтіліп, бүгін үкім шықты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров