Ірі жол апатынан екі адам ажал құшты (видео)

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, екі адам ажал құшты деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық ПД мәліметінше апаттан тағы алты жолаушы ауруханаға түсіп, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға Айша –бибі ауылында болған. Екі көліктің соқтығысуына ешқандай кедерегі болмаған. БМВ алдымен ары бері теңселіп, содан соң қарсы беттегі Mitsubishi-дің бүйірінен ұрады. Екі машинада оңбай бүлінді. Жапырылған машиналардан жолаушыларды алып шығу қиындық туғызған. Екі адам сол жерде жан тапсырса, түрлі дене жарақатын алған алтауы ауруханаға шұғыл жеткізілді. Арасында аяғын сындырып, басынан ауыр жарақат алғандары бар. Дәрігерлер үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр дейді. Тегіс жолда көліктің шайқалып кетуіне не себеп болғанын қазір полицейлер анықтап жатыр.

-"Жол көлік оқиғасы нәтижесінде, БМВ жүргізушісі және оның жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам ауруханаға түсті. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Сараптама тағайындалды"-деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров