Түлкібастық түлектер мұқтаж екі отбасыға баспана сыйлады

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Мектеп түлектері көпбалалы отбасыға баспана сыйлады.

Түркістан облысы Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің 2001 жылғы түлектері өзара қаражат жинап, көпбалалы отбасыға аудан орталығынан 4 бөлмелі баспана алып берді, деп хабарлайды "Экспресс К"

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түлектер үйдің кілтін 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрған Дүйсенбековтер отбасына табыстады. Отағасының құлағы мен көзінен мүгедектігі бар.

Дүйсенбековтер бүгін үйдің кілті қолдарын тигенге дейін баспаналы болатындарын білмеген. Тосын сый мектеп қабырғасында өткен "Соңғы қоңырау" шарасынан кейін жасалды.

Көпбалалы ата-ана қуаныштан көздеріне жас алды. Мұндайды жүз ұйықтап тұрса да армандамағандарын айтып, түлектерге шексіз алғыстарын білдірді.

деп жазады аудан әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Баспана құны 5 млн 6 жүз мың теңге. Түлектер үйдің ішін заман талабына сай жөндеп, электр жарығы, су мен газын қосып, ішіне қажетті жиһаз толтырып берген. Отбасы осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болған.

Сондай-ақ, Қарағашты ауылында Дауан мектебінің 20 жыл бұрын бітірген түлектері де Тәжібаевтардың құлап қалған үйін өз күштерімен тұрғызып берді. Бұл отбасында төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жан бар. 2 млн 6 жүз мың теңгеге керек-жарақ құрылыс заттарын алып, үйді жаңартып берген.

Осылайша, өңірде көпшілікке үлгі болар игі істер жалғасып жатыр. Бүгінде мұндай бастамалар дәстүрге айналғандай.

дейді аудан тұрғындары.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Айта кету керек, осыдан төрт жыл бұрын елімізде алғашқы болып осы Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицей түлектері, баспанаға қол жеткізе алмай жүрген көпбалалы отбасыға үй алып берген болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров