Бүгін Мемлекет басшысы үндеу жасайды

Express Qazaqstan

facebook.com / Берік Уәли

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасайды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді.

Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның http://webtv.un.org веб-сайтынан көруге болады.

деп жазды Берік Уәли.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров