Маңғыстауда мектеп бітірушілер жаппай төбелесті (видео)

Диас АЛТАЙ

Бейнеден кадр

Маңғыстау облысында соңғы қоңыраудың соңы жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды «Экспресс К». Бейнеу ауданындағы екі мектептің түлектері өзара жанжалдасып, жаға жыртысуға дейін барған.

Бас-көзге қарамай, бір-бірін төмпештеп жүрген Ыбырай Алтынсарин мен Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің 11-сынып оқушылары. Бейнеу ауданындағы екі мектептің 40-қа жуық түлегі бір жерде кездесіп, өзара келіспей қалған екен. Содан көшенің қақ ортасында төбелескен. Қазір бұзақылық бабы бойынша 7 баланың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Барлығы мектепаралық кикілжіңнең шыққан, дейді полиция департаменті. Балалардың ешқайсысы да арызданып ауруханаға бармаған.

— "Оқиға орнынан 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті 293 бап бойынша бұзақылық бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлміне тіркелді. Полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалары үшін жауапкершілік түрлерін ескертеді. Осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды шақырады"-деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров