Алматыда ірі көлемде есірткі сатқан адам ұсталды

Оскар БЕК

Бейнеден кадр

Алматыда ірі көлемде есірткі сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Экспресс К" қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 30 жастағы Қостанай облысының тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарды тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген.

— Осы уақыт аралығында ол курьерден көтерме сатушысына дейін "қылмыстық баспалдақпен" көтерілген. Жүктің бірін тасымалдау кезінде ер адам ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде ұсталушыдан 22 орам көлемінде психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. Сонымен қатар, күдікті осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген "мефедрон" психотроптық зат екені анықталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров