Алматы көшесінде автокөлік жанып кетті (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Оқиға кеше шамамен кеші сағат 5-тер кезінде болған. Оның виеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Онда Volkswagen Passat жеңіл көлігі тұтанып артынша қызыл жалынға оранғанын анық көруге болады. Тіпті өртенген кезде жарысылыс болды,- дейді куагерлер.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес көлік "Алатау" аудынында өртенген. Өрттің салдары жол апатынан болыпты. Көлік жанған сәттен 5 минут уақыт өткенде өр сөндірушілер оқиға орына жетіп, жалынды толық сөндірді.

Департамен мамандары осындай оқиғалардың жиі болатынын айтып, автокөлік иелерін сақ болуға шақырады. Уақтылы техникалық бақылаудан көлікті өткізіп, электр жабдықтарына мұқият көңіл бөлу керек. Және үнемі жарамды өрт сөндіру құралын міндетті түрде көлікте алып жүруге кеңес береді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров