Токио Олимпиадасын өткізбеуге өтініш жасалды

Express Qazaqstan

© AFP

Токио Олимпиада ойындарының ресми серіктесі- жапониялық «Asahi Shimbun» газеті ел үкіметін жазғы ойындарды өткізбеуге шақырды.

Жапонияда коронавирус инфекцияның таралуына жол бермес үшін Олимпиада ойындарын өткізбеуге "Asahi Shimbun" газетінің ұжымы өтініш білдірді, деп жазады "Экспресс К".

Біз елдің премьер-министрі Есихидэ — ИФ Сугудан жағдайға сабырлы әрі объективті түрде қарап, алдағы жазда өтетін спорттық шараны тоқтату туралы шешім қабылдауын сұраймыз.

делінген газеттің редакциялық мақаласында.

Олар COVID-19 пандемиясы қоғамға қауіп төндіріп, медициналық жүйеге жүктеме түсіреді, деп алаңдайды.

Бұған дейін Ұлттық Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшыларына, Жапония үкіметі мен Токионың губернаторы Юрико Коикэге Олимпиада ойындарын өткізбеу туралы 350 мыңнан астам адам қол қойған петиция жолданған болатын.

Дегенмен, Халықаралық Олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс Токиода төтенше жағдай режимі болса да, осы жазда Олимпиада ойындары өтетінін айқан болатын. Бірақ, барлық белгіленген қоғамдық қауіпсіздік шарттары қатаң сақталатын болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров