Үшем мен егіздерді туу бойынша рекорд орнады

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Жыл басынан бері бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысындағы аналар рекорд орнатты, деп хабарлайды "Экспресс К" жергілікті Otyrar.kz.-ке сілтеме жасап.

Осылайша түркістандық жас аналар рекордты жаңартып отыр. Облыстық перинатальдық орталықта жыл басынан бері 3108 сәби дүниеге есігін ашса, оның 72-сі егіз, екеуі үшем.

Соның бірі жақында ғана босанған Түлкібас ауданының тұрғыны, 37 жастағы Назипа Янгибаева. Ол осы орталықта екі қыз бен бір ұл босанған.

Дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілген. Мерзімінен ерте дүниеге келген сәбилер қазір дәрігерлердің бақылауында.

Мұның алдында үшемдер 8 наурыз мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданынында өмірге келген болатын. 34 жастағы аудан тұрғыны Лаура Тұрарбекова үш қызды дүниеге әкелген еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров