Алматы

Бұзақы жанармай бекетінде сайран салды

Экспресс К

Бейнеден кадр

Жартылай жалаңаштанған ер адам жанармай бекетінің үстіне шығып алып сайран салды.

Оқиға Алматыдағы Бауыржан Момышұлы мен Шаляпин көшелерінің қиылысындағы жанар-жағар май бекетінде болған, деп хабарлайды "Экспресс К"

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полицияның мәліметінше жартылай жалаңаштанып алған ер адам бекеттің маңдайшасындағы жазуларды жұлмалап жыртып, өтіп бара жатқан тұрғындардың зәресін алған.

Медициналық тексеру нәтижесінде ер адамның мас болғаны анықталды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бабы бойынша іс қозғалып, тіркелді. Әрі қарай аудандық полиция бөлімі айналысады. Ал, не себепті мұндай бұзақылыққа барғаны, алдағы тергеу кезінде анықталмақ

дейді тәртіп сақшылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров