Бала күтімі үшін төленетін жәрдемақы көлемі көбеюі мүмкін

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елімізде бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны өсіру ұсынылды, - деп хабарлайды Экспресс К.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айжан Сқақова Қазақстанда 1 миллион кедей бала бар.

дейді.

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2,6 миллион кедей азамат, ал ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойынша, 1 миллионға жуық кедей бала бар. Егер ересектер өз жағдайларын жақсарту үшін бірдеңе істей алса, балалар істей алмайды. Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз. Елімізде жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайынғы бала күтіміне жәрдемақы былай төленеді: бірінші балаға — 16 802 теңге, екіншісіне — 19 865 теңге, үшіншісіне — 22 898 теңге, төртінші және одан көп балаларға — 25 961 теңге. Бұл бір балаға күніне 560-865 теңге деген сөз, ал бір тұтқынның тамағына 1018 теңге жұмсалады. Жәрдемақының ішінде баланың анасына ақша жоқ", — деді Айжан Сқақова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров